Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕК ЕР АЗАМАТТАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде тек ерлер қатысқан жалпықалалық сенбілік өтті. Көктемнің алғашқы сенбілігін жігіттер қауымы
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап отыр.

Тазалық шарасына қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев пен барлық мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене атсалысты. Олар «Тәуелсіздік» саябағына қылқан және жай жапырақты көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікке қатысқан 18 мыңнан астам қала тұрғындары барлық аудан қалалардың саябақтарын, гүлзарларын, аулалары мен көшелерін және арық-атыздарды қоқыстан тазартты.
Жалпы бұл күні қаладағы 43 шақырым аяқ жол, 131 ш\қ болатын көше бойлары мен 47 ш\қ ирригациялық жүйелер тазартылып, 354 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 50 шақты техника жұмылдырылды.

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close