Жаңалықтар

FlyArystan лоукостері алғашқы рейсін ұшырды

Шымкент әуежайында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алып, еліміздегі бірінші бюджеттік авиакомпанияның жұмысына сәттілік тіледі-деп хабарлайды teriskei.kz ақпараттық порталы Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап

— Еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы келген Питер Фостер мырзаға зор алғысымды білдіремін. Және шын жүректен алғашқы рейстің сәтті қонуларымен құттықтаймын. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен мүмкіндік береді деген ойдамыз. Өйткені біздің қаламыз арқылы ұшатын көршілес облыс пен Өзбекстан Республикасының азаматтары ұшады. Билет жетіспеушілігі сезілетін. Ендігі арзан бағамен оңтүстік астанаға ұша алады. Әуекомпанияның алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, — деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Бұдан былай аталмыш бағыттар бойынша заманауи 180 орынды #Airbus_A320 әуе кемелері күнделікті қатынайды.
Алматыдан Шымкентке қатынаған бірінші рейстер лық толып, оның біраз билеті ең минималды тарифпен, яғни бағасы 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылған. Осы арада, қазіргі уақытта саяхаттарын 26 қазанға дейін жоспарлап отырған жолаушылар әуекомпанияның ресми сайтынан билеттерді белсенді түрде брондап жатқанын байқауға болады.

«Шымкент – еліміздің республикалық маңыздылығы жоғары мегаполистеріне айналған ірі қалалардың бірі. Сол себепті FlyArystan-ның келуінен кейін жергілікті халық қажеттіліктеріне сай алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайды деген нық сенімдемін», — деп атап кетті Шымкентте журналистермен өткен кездесуде Эйр Астана компаниясының президенті Питер Фостер мырза.

Естеріңізге сала кетсек, оңтүстік астанадан шырайлы Шымкентке орындалатын рейстердің ең төменгі билет құны 4999 теңгеден басталса, сапардың ұшу ұзақтығы 1 сағат 20 минут болмақ. FlyArystan барша жолаушыларға әуекомпанияның сайты flyarystan.com-да жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуды сұрайды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close