Саясат

Шымкент: Қала әкімі шеткі шағын аудандардың инфрақұрылымын дамытуды тапсырды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» мен «Сәуле» шағынаудандары және «Текесу» тұрғын алабының халқымен кездесіп, инфрақұрылым мәселелерін талқылады деп хабарлайды Теріскей.кз ақпараттық порталы Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап

Тұрғындар қала басшысына ауыз су, абаттандыру, сапалы электрмен жабдықтау, жаңа мектеп салу секілді проблемаларын айтты.

Е.Айтаханов кездесу барысында шеттегі елдімекендерді қалалық орта интеграциясына жақындату үшін жұмыс істейтінін атап өтті.

«Бүгінде Түркістан облысынан қала аумағына қосылған 41 елдімекеннің инфрақұрылымын дамытуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Алдағы уақытта шеткі аймақтарды дамытуға басымдық беріледі», — деді Шымкент әкімі.

Сонымен қатар, Ерлан Айтаханов салалық басқарма басшылары мен аудан әкіміне аталған елдімекендердің инфрақұрылымына назар аудару керектігін айтты. Бұдан басқа, қоғамдық көліктің жүру бағыттарын тұрғындардың талаптарын ескере отырып, қайта қарауды тапсырып, атқарылған жұмыс бойынша халықтың алдында есеп беру қажеттігін міндеттеді.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Қаратау мен Абай аудандарына қарасты қаланың шеткі аймақтарын аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған болатын.

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close