Мәдениет

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ ОТЫРАР АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Өткен жылдармен салыстырғанда биылғы наурыз мерекесі отырарлықтар үшін ерекше тарихи мерекелер бастауында тұр. Биыл тарихи Отырар шайқасына – 800 жыл толса, мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жастар жылы ретінде жарияланып, аудан жастарына үлкен серпін берді. Бір сөзбен айтқанда, биылғы жыл — тарихи мерекелер мен оқиғалар тоғысқан жыл болып тұр.
Осындай айтулы оқиғалар қарсаңында отырарлықтар Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын ерекше ықыласпен қарсы алды.
Той басы «Оқсыз» спорт кешенінде 2008-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» наурыз мерекесіне арналған «Наурыз кубогын» сарапқа салған облыстық турнирмен басталды. Ауданымыздағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 1999 жылғы түлектерінің демеушілігімен және аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Шардара, Бәйдібек, Ордабасы аудандарынан келген жас балуандар қатысып бақтарын сынады.

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close