Мәдениет

Түркістан облысында жастар арасында Республикалық аламан айтыс өтті

Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 10 желтоқсан күні Түркістан қаласы, «Мәдениет үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойына орай «Көк тудың желбірегені» атты дәстүрлі республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Іс-шараның мақсаты: жас таланттың бойындағы қазақтың төл өнерінің көзін ашу, жастарды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбилеу, дарынды жастарды қолдау, ақындардың шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, жастардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, ұлттық жаңғыру, ұлттық сана – сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызға сіңіру.

Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздеген еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын жас ақындар үшінші жылы дәстүрлі түрде «Көк тудың желбірегені» тақырыбында додаға түсті. Оңтүстік төрінде өтетін бұл жолы да өнер додасы, өзге айтыстардан өзгеше өтті. Әр бір өнер көрсеткен жұп, жеке дара бағалады. Яғни, әр бір қатысушыға 8-10 аралығында баға қойылды. Жалпы, айтыс 1 айналымнан тұрады.
Дүлдүлдердің өнерін елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары қазылық жасады. Баһадүр бабаларымыздың ізі қалған, Алаштың әні мен жырының алтын бесігіне айналған киелі Түркістан төрінде сұңғыла өнер – аламан айтыс салтанат құрған күні Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Нарбекова арнайы қатысты.

Айтыстың жүлдегерлері Түркістан облысы әкімінің арнайы дипломымен және төмендегідей қаржылай сыйақымен марапатталды:
Бас жүлде – Тұрар Тілеулиев Түркістан облысы 500 мың тг
І орын –Сырым Әуезхан Алматы облысы 400 мың тг
ІІ орын – Біржан Байтуов Шымкент қаласы, 300мың тг
ІІІ орын –Дәурен Ысқақ Астана,
Нұрлыбек Құрманов Жамбыл облысы 200 мың тг
Ынталандыру қаржылай сый ақы ретінде 35 мыңнан өнер көрсеткен 6 қатысушыға табысталды:
Ержеңіс Әбдиев Қызылорда облысы
Жандос Мырзабеков Түркістан облысы
Мейіржан Жақып Түркістан облысы
Алихан Жақсылық Ақтөбе облысы
Нұрғали Әнәпия Түркістан облысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close