Мәдениет

ОҒЫЗ ДОҒАН: «ҰЯТ ЕМЕС ПЕ?» ЖАНБОЛАТ ПЕН ЖАЗИРАНЫҢ ӨТІРІГІН АШТЫ

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы,тіл жанашыры Оғыз Доған өзінің «фейсбук» парақшасында эстрада жұлдыздары Жанболат пен Жазираның Түрік елінің әнін орындап жүргендігін жайып салды.

«Кеше теледирардан Жанболат пен Жазираның концертін көріп отырмыз. Мен негізі бұл отбасын өте жақсы көремін, өлеңдерін сүйіп тыңдаймын.

4 немесе 5-ші орында осы өлеңмен шықты — «Сенен басқа»… Бұл кісілерден алғаш естуім болса да, өлеңді бастала салысымен таныдым. Балалық кезіміздің өлеңі ғой бұл, аты — Сенден башка…

Қуандым… Өйткені, бірі-біріміздің өлеңдерімізді айтып жүруіміз — тек қана тектеріміз емес, талғамдарымыз да бір деген сөз!..

Бірақ, экрандағы жазуды көргенде қатты таң қалдым. «Әні: Б.Шалабаев, сөзі: Ә.Бекарысұлы» дейді ғой!..

Қайдағы Шалабаев?!!! Өлеңнің әні — Манос Хадзидакистікі!..

Композиторы грек болғанмен, 1970 жылдардың басынан Түркияда атағы шыққан, сонау жылдары алғашқы рет Эмел Сайын мен Фүсун Өнал тарапынан айтылған, бүгін де каверларын әнсүйер қауым сүйіп тыңдайтын өлең ғой!!!

Интернет мүмкіншілігі кең тараған осындай жаһандану кезеңінде авторлық ұрылық оңай деп ойлайсыздар ма???

Жазира ханым!!!
Жанболат мырза!!!
(Кім екеніңізді білмеймін) Б.Шалабаев мырза!!!

ҰЯТ ЕМЕС ПЕ??!!!

Түркі халықтарының ішінде музыкаға да ең дарынды қазақ халқының беделін түсіріп, ұятқа қалдыруға қандай қақыларыңыз бар?!!»

Жанболат пен Жазира бұл ән Түрік елінің әні екенін білді ме?!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close