Мәдениет

«ФОРМАТ» тобы Президент күнінің шырқын бұзды

 

Шымкент қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өткен болатын. Салтанатты шара  қазақ эстрадасы жұлдыздарының ұсынған патриоттық әндерімен жалғасқан еді.

Алайда арнайы шақыртумен келген «ФОРМАТ» тобының бұл жиындағы көрсеткен өнері зиялы қауым өкілдеріне ұнамаған. Бұл туралы жазушы,шежіреші «Қаламгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Момбек Әбдіәкімұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында

«Кеше Шымкентте орыс драма театрының залында тұңғыш Президент күніне орай арнайы жиын болып өтті. Қала əкімінің құттықтау сөзімен басталған жиын əжептеуір-ақ қалыппен жүріп келе жатыр еді, бірақ осындай ресми жиналыстың көркін Астанадан арнайы шақырылған «ФОРМАТ» деген əншілер тобы бұзып жіберді. Бұзғанда, ол топ бірдеңе бүлдіген жоқ, тек өздерінің даңғаза, мұндай жиынға еш қатысы жоқ, тіпті мұндай мемлекеттік деңгейдегі жиналыста орындалуы ұят, тіпті масқара деуге тұрарлық мəнсіз əндерді орындап, жұрттың мерекелік көңіл-күйін бұзды. Жиыннан соң көпшіліктің көңілінде əжептеуір жиынға мұндай жеңіл əуенмен əн салатын əншілерді кім шақырды деген сауал тұрды. Расында, Шымкент қалалық мəдениет бөлімі Президент күніне жəне Президент атына осындай əншілердің даңғаза, мəнсіз, сөздері ібілістікі, ал əні шайтандыкі сынды əуендер лайық деп тапқаны ма? Иə, осы жəйт, жүдə, орынсыз болды»-деп жазылған

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close