Қоғам

«Шипажайда кімдер демалуда?»САПАРБАЕВ БЕРДІБЕК МЫРЗАҒА САУАЛ

Түркістан облысының әкімі,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржы бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының, Еңбек, әлеуметтік бақылау жән көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің назарларына осы фото суреттермен видео түсірімдерді ұсынған болатынбыз.
«Халықтың өтініш тілектерін ескереміз» деген мақсатпен ашылған парақшаға жолдап Обылыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің назарын аударттық. Алайда еш жауап болмады. Ендігі үмітіміз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Сапарбаев Бердібек мырзада.


Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан жылда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторлы-курортты еммен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу өткізгенде ғимараттары мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес емес санаторийлерге тапсырыс беріп, мүгедектер арбасындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар жылдап күтетін санаторлы оңалу еміне барып, қиналып санаторлы емін ала алмай, ғимараттарға кіре алмай қайтады. Айтыңызшы мүгедектер арбасында отырған азаматтарды қашанғы қорлай беруге болады? Оларға мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты неге мақсатымен жұмсамайды?


Төмендегі көрсетілген шипажайлардың ешбіреуі мүгедектің жағдайына сәйкес келмейді. Сонда ол демалыс орындарында мүгедек жандардың орнын кім алмастырып,жылдар бойы кімдер демалып келген?

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close