Қоғам

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖӘНЕ АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ЖАНДАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанаты «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі және асыраушысынан айырылған жандарға арнайы сыйлықтар тарту етті.

Мерекелік іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы, облыстық «Жас Отан» ЖҚ, Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенттері қатысты. Жасотандық белсенділер кішкентай балаларға мерекелік бағдарлама жасап, керемет көңіл сыйлады.

Тәрбиеленушілер әр түрлі бағыттағы билер дайындап, флэшмоб билеп, жүрек тебірентер әндер шырқады. Кішкентай балғындардың биі көрерменнің жүрегін тебірентіп, көзге жас үйіртеді. Олар биден қуат алып, армандарына шабыттана қадам басады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close