Қоғам

«КАЗАТОМПРОМ», «КАТКО», «ИНКАЙ» зауыттары СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТОЗЫҒЫНА ЖЕТТІ

Жол қадірін жүрген білер…

Созақ Қаратаудың теріскей бетінде жатқан қойнауы қазынаға толы, жайлауы малға толы, солтүстігі Қарағанды облысымен, Солтүстік батысы Қызылорда облысымен, шығысы Жамбыл облысымен шектесіп жатқан ұлан ғайыр алқап. ІХ-ХІІ ғасырлар аралығында Жібек-жолы өткен аймақ. Әулелиер мекені, атақты күйшілер дүниеге келген киелі өңір. Шәмшінің «Теріскей» атты әніне арқау болған өңір. Созақтың даласы қазба байлыққа толы. Оның дәлелі Алтын таудағы алтын кені, Таскөмірсайдағы көмір кені, Тастыдағы тұз, Бетпақ даласында табиғи газ, уран кендеріне толы. Міне,осы кен орындары мемлекетімізге қомақты табыс түсіріп жатқаны бесенеден белгілі. Бірақ осыншама қазба байлықты беріп жатқан Созағымның жолдары Аязбидің ескі шапанындай өткенді еске түсіріп отырады. Созақ пен Шолаққорған арасына қатынайтын жол білуімізше 1965жылы Кеңес өкіметінің кезінде салынған.

Содан бері тек жамалып, сыланып сипалып келеді. «Ескіні қанша сыласанда есіңді кетіреді» деген емес пе? Жылда ескірген жолдың шұқырын жамауға қаншама қаржы кетеді екен? Жолды жамай бергенше бір жаңа жол салып беруге болмас па екен?! Артығымен 70км болатын жолды жаңарту соншалықты қиын ба? Әлде бұны жасау үшін де әлеуметтік желіге шығып жан айқайды айту керек пе?! Егерде Уран өндіріс орындарының 60 тонналық кислота тасыйтын,селитра тұзын таситын жүк машиналары техникалық жолға айналдырмағанда жолымыз мұншалықты тозбас та еді.

Созақ даласында уран өндіріп жатқан қаншама зауыт, кен орындары бар Канаданың «ИНКАЙ», Францияның «КАТКО», өзіміздің ұлыттық «КАЗАТОМПРОМның» қаншама зауыттары бар. Осы зауыттарға кислота, аммиак тағыда басқа улы химикаттарды азаматтық жолаушылар қатынас жолымен тасымалдайды. 2016-2017 жылдары 60 тонналық кислота тасыйтын көліктердің көк тайғақта тайғанап екі рет жолдан шығып аударылып қалған жайы болды. Абырой болғанда қарама қарсы бағытта ешқандай көлік кездеспей қауіпті жағдайлар орын алмады. Әрине табигатқа келіп жатқан залал болды. Осындай себептер болмас үшін бұл зауыттар өздерінің көліктері қатынайтын техникалық жол салып алса өте дұрыс болар еді. Тіпті шамалары жетпесе қазіргі жүріп жүрген азаматтық көлік қозғалысына арналған жолды кеңейтіп күрделі жөндеуден өткізіп берсе халықтың сауабын алар еді, тым болмаса жол көлік апатының қауіпсіздігін арттырып, апатты жағдайларды болдырмаудың алдын алар еді. Олай дейтін себебім жол әбден тозығы жетіп, жиектері езіліп енсізденіп тарылып кеткен. Қарама қарсы өткенде немесе алдыңғы көлікті басып озғанда әсіресе ауыр жүк көліктері өте сақтықты қажет етеді. Көліктер шұқырлардан қашамыз деп түрлі қауіпті маневрлар жасайды. Ауыр жүк көліктері жолдарды қамырша илеп,езіп жібергені соншалық жолдың езілген толқынданған бөліктері жеңіл көліктердің астына тиіп жатады. «Жол азабын жүрген біледі» демекші жолдың мұндай жағдайы қарапайым халыққа ауыр тиюде . Онсыз да бар тапқан ақшасына ескі көлік алып күнін көріп жүрген адамдардың қалтасына, қала берді жүйкесіне жол жағдайы ауыр тиюде. Бұл жолдың жағдайы шенеуніктер мен өндіріс басшыларына білінбеуі мімкін. Себебі олардың астында қымбат «ДЖИП»және басқадай жол талғамайтын көліктері бар. Жолсыз жерлермен де жүріп өтеді. Ал,қарапайым халық үшін өте қиын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні не техникалық жолдың салынуы, не жолдың күрделі жөндеуден өтуі біз үшін ауадай маңызды. Ауданның атқа мінер азаматтарына айтқанымызда бұл жолдың облыстық бюджетке қарайтындығын жеткізді. Қалай болғанда да бұл жол мәселесі қай тараптан болсада шешімін табу керек. Президентіміздің Дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарына Созақ ауданының жолы кірмей қалғанба деп ойлап қаласын…

Бұл жол бұлай тұра берсе 30 елдің емес, өз елінің , елді мекеннің де ішіне кіре алмай қалуы әбден мүмкін. Бұлай дейтін себебім Шымкент қаласына Созақ бағытына шыққанда көршілес аудандарды басып өтетін Ордабасы ауданы, Бәйдібек ауданы жолдары қандай керемет теп- тегіс айнадай. Барлығы күрделі жөндеуден өтіп жаңартылған. Ал Созақ ауданының жолдарынан келмеске кеткен Кеңес өкіметінің жол салу техналогиясының кереметтерін көресің.

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close