Қайырымдылық

Қадір түнінде «Харекет» қоры 5 баспана табыстады.

Айлардың сұлтаны – Рамазан айында, түндердің қайырлысы – Қадір түні қарсаңында Түркістан облысы Түлкібас Ауданының мұқтаж отбасына #Харекет қоры 5 бөлмелі пәтер табыстады.

Шымкент қаласы «Ақмешіт» мешітінде «Харекет» қорының бір топ еріктілері және мешіт имамы 1-ші топ мүгедегі 1979 жылы дуниеге келген, 5 баланың әкесі Демешов Ғалымжанға қордың 102 баспана кілтін ұсынды.

— Баспана Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылынан берілді.
Осы уақытқа дейін пәтер жалдап келдік. «Харекет» қорына алғысым шексіз. Алла разы болсын! Мен сияқты баспанаға мұқтаж отбасыларды қуантып жүріңіздер! Қор ұжымына менің жан айқайымды жеткізген
Түлкібас ауданы әкімдігіне алғыс айтамын- дейді отағасы Ғалымжан.

«Харекет» қоры қасиетті қадір түні қарсаңында республикада 5 бірдей мұқтаж отбасына баспана кілтін табыстады. Түркістан облысында 2 баспана берілді. Оның бірі Кентау қаласының мұқтажына бұйырған.

— «Харекет»қоры былтырғы жылды 60 баспана беріп қорытындыласақ, биылғы жылы сол сан  100 ден асып отыр. Барша қазақстандықтаға алғысымды білдіргім келеді. «Харекет» қорының баспана беруі, әуелі Алланың содан кейін халықтың арқасы. «Көп түкірсе-көл демекші» қорға жиналған қаражаттың есебін, нәтижесін осылай өздеріңізбен бөлісіп отырамыз.Мұқтаж деп санайтын отбасылар болса қордың ресми парақшаларына жолдауларыңызға болады. Міндетті түрде біз барып жағдайларымен танысып, мұқтаж болса кезекке қоятын боламыз -дейді Шымкент қаласы бойынша қор басшысы Бақытжан Жуманазаров.

Ілмексөз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close