Білім

ТЕРІСКЕЙДЕ COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында орналасқан Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жанынан аудандағы алғашқы Коворкинг орталығының ашылу салтанаты болып өтті.Жалпы, Коворкинг деген не? Ағылшын тілінен аударғанда — бірге жұмыс істеу. Қазіргі таңда кітапханадағы коворкинг орталығын коммуникативтік алаң деп айтуға болады. Бұл жерде келушілер бос уақыттарын кітапхана қорын пайдаланумен қатар, интернет, теледидар ресурстарын да қолдана алады, бұл үшін орталықта интернет желісіне қосылған компьютерлер, теледидар, аудио, цифрлық форматтағы интеллектуалды контент қолжетімді (кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, бейне, ойындар және т.б.). Мұнан бөлек, Орталықта келушілер аздап демалуға, кофе, шай секілді сусындар ішуге арналған арналған жиһаз, құрал-жабдықтар қойылған. Аталмыш орталық кітапханаға келген әр жанұяның сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде.
Ашылу рәсімінде сөз алған С.Полатов «Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында атап көрсеткен қазақ даласының ежелгі заманнан бері келе жатқан бай тарихи-мәдени мұраларын өскелең ұрпаққа жаңа заманауи технологияларды қолдана отырып сіңірту үлкен маңызға ие шара болып табылады. Кез-келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік жасайтын бұл Орталық «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйытқы болуымен ашылып отыр. Отандық кітапханаларды жаңғыртып, оларды қазіргі заман талабына сай білім орталықтарына айналдыру үшін ашылып отырған орталық өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарымызбен сусындап, ұлтымыздың дәстүрі мен тарихын құрметтеуге үндейді» — деп атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close