Білім

Теріскейде 14544 оқушы алтын ұя мектебімен қоштасты

Созақ ауданының мектептерінде күміс қоңыраулар сыңғырлады. 14544 оқушы алтын ұя мектебімен қимай қоштасты. Оның ішінде 690 оқушы 11 сыныпты аяқтаса, 584 — і ҰБТ тапсыруға өтініштер берген. «Алтын белгіге» 57 үміткер, «Үздік аттестат» алуға 34 түлек ниет білдіріп отыр.


Осынау мерекеде Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-лицей-интернатында өткен «Сыңғырла, сыңғырла, қоңырау» салтанатты рәсіміне арнайы қатысты.


Салтанатты рәсімде сөз алған Салыхан Сабырұлы: Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Барша жас түлектерді алда үлкен сын яғни ҰБТ күтіп тұр. ҰБТ тапсыратын барлық түлектерге жақсы жетістіктерге жетіп, мұғалімдеріңіз бен ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспін. Сіздер, елімізге еңбек етер, еліміз үлкен үміт артып отырған болашақ жастарысыңдар. Осындай кереметтей табиғаты бар, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Созақ ауданының түлектерісіңдер. Осыны ұмытпауымыз керек. Бұл – зор мақтаныш және ол үлкен жауапкершілік» деп ақжарма тілегін арнады.


Мерекелік кеште ардагер ұстаздар, ата-аналар сөз алып, бітіруші түлектерге ақ жол, мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close