Білім

Созақ ауданында жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Созақ ауданының Балдысу ауылында қос қуаныш: соңғы қоңырау үнімен үндесе Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Кең, жарық, заманауи үлгіде салынған мектептің лентасын Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, Созақ аудандық мәслихатының депутаты Бәйкен Әметжанов және Тоқтарбай Молдабекұлы қиды.


Ашылу салтанатында сөз алған Созақ ауданының әкімі С.Полатов «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деген болатын. Сондықтан да елімізде балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалып жатыр. Міне бүгінгі заманауи үлгідегі мектеп ғимаратының пайдалануға берілуі соның бір айғағы. Жаңа мектеп ғимараты құтты болсын! Жамбыл мектебінен елге қызмет ететін азаматтар, ғұлама ғалымдар, интелектуал ұлтты қалыптастыратын білімді жастар шыға берсін» деп тіледі.
Ауыл қариясы Тоқтарбай Молдабекұлы өз батасын беріп, Балдысу тұрғындары атынан аудан басшыларына алғысын жеткізді.
Ашылу салтанаты Жамбыл атындағы орта мектептің «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік рәсіміне ұласты.

Ілмексөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close